«Зияткерлік меншік құқықтарын соттарда қорғау: халықаралық және ұлттық тәжірибе» атты халықаралық семинар
15.09.2025 09:00:52 138
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруды қолдау аясында 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Әділет министрлігі «Зияткерлік меншік құқықтарын соттарда қорғау: халықаралық және ұлттық тәжірибе» атты халықаралық семинар өткізді. Аталған іс-шараға Департамент басшысы Алия Аманжулова және зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова қатысты.
Халықаралық спикерлер Еуропалық одақтағы зияткерлік меншік жөніндегі мамандандырылған соттарды құру тәжірибесімен, дауларды шешудің баламалы тәсілдерімен және Еуропалық одақтың зияткерлік меншік бойынша сот практикасы мысалдарымен бөлісті.
Семинарға қатысу тәжірибе алмасуға, құқықтық білім деңгейін арттыруға және құқық иеленушілердің құқықтарын сот тәртібімен қорғаудың тиімді тетіктерін талқылауға мүмкіндік берді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1067376?lang=kk