Қазақстан мен Қырғызстан үшін атыс қаруы мен жеңіл қару бойынша ұлттық оқыту

Қазақстан мен Қырғызстан үшін атыс қаруы мен жеңіл қару бойынша ұлттық оқыту

15.09.2025 15:30:32 140

       2025 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында Астана қаласында Орталық Азия мен Кавказдағы қауіпсіздік бағдарламасы (CCASP) аясында ұлттық тренинг басталды.

      Аталған бағдарлама Дүниежүзілік кеден ұйымының бастамасымен және Жапония Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

     Тренингке Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің өкілдері қатысуда.

     Іс-шараның мақсаты - кеден органдарының әлеуетін арттыру, атыс қаруы мен жеңіл қарудың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары мен 3D-басып шығару сияқты жаңа технологияларды қолданумен байланысты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылды күшейту.

     Тренингте дәріс оқушылар:

     * Адам Вас - ДКҰ CCASP жобасының жетекші жаттықтырушысы;

    * Весна Врачар - ДКҰ CCASP жобасының сарапшы-нұсқаушысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1067945?lang=kk