Қазақстан мен «Protecta» Қазақстан энергетикасы үшін релейлік қорғау технологияларын жергіліктендіру мәселесін талқылай бастады
15.09.2025 20:20:36 665
Будапешт, 2025 жылғы 27 тамыз - Қазақстан Елшісі «Protecta Electronics Ltd.» компаниясының Будапешттегі штаб-пәтеріне барды. «Protecta» - энергетикалық жүйелерді қорғау, басқару және автоматтандыруға арналған зияткерлік электронды құрылғыларды өндірудегі жетекші компаниялардың бірі.
Компания басшысы мырза Чаба Радванскимен өткен келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы ықтимал ынтымақтастықты, соның ішінде релейлік қорғау технологияларын Қазақстанда жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады.
Елші Қазақстанның энергетикалық жүйесі белсенді түрде жаңғыртылып жатқанын және елімізде өндіріліп, қызмет көрсетілетін озық технологиялық шешімдерге қызығушылық бар екенін атап өтті.
Өз кезегінде Protecta компаниясы жақын арада Қазақстанға сапармен барып, мемлекеттік органдармен және әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды жан-жақты зерделеуге ниетті екенін білдірді.
Тараптар мұндай бастамалар цифрлық энергетика саласындағы құзыреттерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанды Орталық Азиядағы өңірлік өндірістік базаға айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068299?lang=kk