Президенттің Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі бастамалары Тегеранда талқыланды

Президенттің Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі бастамалары Тегеранда талқыланды

16.09.2025 16:50:49 880

Қазақстанның Ирандағы Елшілігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ирандық сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен жергілікті БАҚ журналистері қатысты.

Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Мемлекет басшысының «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: қазіргі сын-қатерлер және цифрлық трансформация арқылы оларды шешу жолдары» атты Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1070334?lang=kk