ЕҢБЕК АДАМЫ – ТЕМІРЖОЛДЫҢ ТІРЕГІ

ЕҢБЕК АДАМЫ – ТЕМІРЖОЛДЫҢ ТІРЕГІ

18.09.2025 12:50:38 237

Теміржол саласы – ел экономикасының күретамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп, өзінің білімі мен тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүрген жанның бірі – Джумасеитов Данияр.

Ол еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастап, теміржол саласында 25 жыл 5 ай бойы үздіксіз еңбек етіп келеді. Бүгінде тәжірибелі маман машинист-нұсқаушы қызметін атқарып, теміржолшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге, олардың кәсіби деңгейін арттыруға үлес қосып жүр.

Жоғары жауапкершілік пен тынымсыз еңбектің арқасында әріптестері арасында сыйлы, жастарға өнеге болып жүрген Данияр Жұмасеитов – «еңбек адамының» жарқын бейнесі.

#ЕңбекАдамы #ТеміржолСаласы #Түркістан #ЕңбеккеҚұрмет #Машинист #ҰстаздықҰлағат