ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

19.09.2025 12:49:36 190

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында елдің тұрақты дамуына серпін беретін стратегиялық бағыттар айқындалды. Мемлекет басшысы агроэкономика саласын озық үлгілерге бейімдеп, ауыл шаруашылығын цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен бірге арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, басқару тетіктерін жетілдіру және инвестициялық тартымдылығын арттыру міндеті қойылды. Президент жер қойнауын зерделеуде заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу арқылы жаңа кен орындарын анықтаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібін жаңа деңгейге көтеру де басты назарда. Бұл салада инновацияларды енгізу, экспорт әлеуетін кеңейту және кадрлық сапаны арттыру арқылы экономиканың негізгі драйверіне айналдыру көзделуде.

Аталған бастамалар еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етіп, ұлттық экономиканың сапалы өсуіне негіз болады.

#Жолдау2025 #Тоқаев #Экономика #АграрлықСектор  #ӨңдеуӨнеркәсібі #Цифрландыру #Инновация