ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ нығайтудағы рөлі.
20.09.2025 13:31:14 193.jpeg)
🔹Бүгін Шымкентте Жұмабек Тәшенов атындағы университетте «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы тәжірибесін талқылау, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау болды. Кездесуде ұлтаралық достықты сақтаудың қалыптасқан үлгілері зерделеніп, мемлекетаралық қатынастардың жаңа бағыттары белгіленді.
Конференцияның ашылу салтанаты «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжановтың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – келісімнің өзегі, ол Орталық Азия елдері арасындағы достықтың берік көпірі болды», - деп атап өтті.
🔹Содан соң Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов сөз сөйледі. Ол: «Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. Бүгінгі конференция осы мақсаттарды іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады», - деп атап өтті.
🔹Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік интеграцияны дамытудағы, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудегі, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтағы рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілес мемлекеттердің достық пен келісімді нығайтудағы тәжірибелері таныстырылды.
Баяндамашылар Орталық Азия этностарының бірлігін нығайту аймақтық тұрақтылықтың шешуші шарты екенін атап өтті. Қатысушылар мәдени байланыстарды дамытудың жаңа формаларына және елдер арасындағы әріптестікті нығайтудың тиімді жолдарына ғылыми талдау жасады.
🔹Конференция пікір алмасумен және ұсыныстармен аяқталды. Өзбек сарапшысы Фармонт Тошев: "Ұлтаралық келісім – ұлттық дамудың кепілі. Қазақстанның тәжірибесі бүкіл Орталық Азияға үлгі бола алады", - деп баса айтты.
🔹Осылайша, Шымкентте өткен халықаралық конференция тату көршілік бастамалардың жаңа кезеңін белгілеп, достық пен келісімнің алтын көпіріне айналды. Ұлы даланың рухани ошағында бұл шара Орталық Азия елдерін бірлікке шақырып, сенімнің, ынтымақтастықтың, болашаққа деген ұмтылыстың айқын көрінісіне айналды.
#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Шымкент #АНК #АНК