ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ, КӘСІБІНЕ БЕРІК
23.09.2025 16:49:49 506
Айдос Аймашов – туған өлкесінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан еңбекқор азамат. Ол 1988 жылдың 22 қазанында Түркістан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген.
Алғашқы білімін 1996 жылы Әңгірата бастауыш мектебінде алған жас талап 2000 жылы Абай атындағы орта мектепке қабылданып, оны 2006 жылы тәмамдады. Сол жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне грант негізінде оқуға түсіп, 2010 жылы жоғары білімді маман атанды.
Еңбек жолын Айдос 2010 жылдың 9 шілдесінде «Шымкентмай» акционерлік қоғамында оператор қызметінен бастады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігін арттыра білген ол 2021 жылдың 21 маусымында ауысым шебері лауазымына көтерілді.
Бүгінде 15 жылдық еңбек өтілі бар маман өндіріс саласында үздіксіз қызмет етіп, еңбек ұжымына үлгі болып келеді.
#Теміржол #ЕңбекАдамы #Жұмысшымамандық #ТеміржолСаласы #Шымкент #ҚазақстанТемірЖолы