ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ:“БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ” ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ
20.09.2025 11:47:05 267.png)
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Шымкент қаласы бойынша ұйымдастырылған “Бүкіләлемдік тазалық күніне” арналған жалпы қалалық сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппараты, түрлі мекемелер, басқармалар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты – қала аумағын қоқыстан тазарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпаққа қоршаған ортаға деген қамқорлықты үлгі ету болды.
Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан сенбілікке 500 қызметкер жұмылдырылып, 30 техника іске қосылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 17 тонна қоқыс шығарылды. Бұл – аудан әкімдігі ұжымының табиғатты аялауға деген жауапкершілігі мен қала тазалығына қосқан зор үлесінің айқын көрінісі.
Сенбіліктің ең ауқымды бөлігіне қарапайым тұрғындар атсалысты. Атап айтқанда, 3706 аудан тұрғыны сенбілікке шығып, өз үйлерінің маңын, көше бойларын, саябақтар мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазартуға белсенді түрде қатысты. Халықтың мұндай ынтасы – елдің бірлігі мен ортақ іске бейжай қарамайтынын дәлелдейді.
«Оңтүстік» индустриалды аймағы (ИА) тарапынан 2000 қызметкер, 4 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс шығарылды.
«Жұлдыз» ИА атынан 200 қызметкер, 2 техника қатысып, 1 тонна қоқыс тазартылды.
«АЭА» арнайы экономикалық аймағы тарапынан 300 қызметкер, 2 техника жұмылдырылып, 2 тонна қоқыс шығарылды.
Бұл көрсеткіштер аудан көлемінде өндірістік аймақтардың да экологиялық жауапкершілікті сезінетінін көрсетеді.
Жайлы ортаны дамыту басқармасы – 26 қызметкер, 2 техника, 2 тонна қоқыс;
Құрылыс басқармасы – 30 қызметкер, 2 техника, 3 тонна қоқыс;
Шымкент ӘКК АҚ – 20 қызметкер, 1 техника, 2 тонна қоқыс;
Ішкі саясат басқармасы – 30 қызметкер, 1 техника, 2 тонна қоқыс.
Әр басқарманың қатысуы сенбіліктің ауқымды түрде өтүуіне ықпал етіп, қаланың көркейіп, санитарлық жағдайының жақсаруына сеп болды.
«Водоканал - 1» ЖШС – 30 қызметкер, 2 техника, 1 тонна қоқыс;
«QazaqGaz Aimaq» ШӨФ – 60 қызметкер, 1 техника, 2 тонна қоқыс;
Еңбекші электр тарату бөлімі – 30 қызметкер, 2 техника, 2 тонна қоқыс.
Олар өздеріне тиесілі аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, инфрақұрылымның қауіпсіз әрі таза болуын қамтамасыз етті.
Еңбекші аудандық полиция басқармасы – 200 қызметкер, 3 техника, 4 тонна қоқыс шығарды.
Әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, ауруханалар және т.б.) – 4360 қызметкер, 10 техника жұмылдырылып, 12 тонна қоқыс тазартылды.
Бұл ретте жас буын мен қоғамдағы түрлі сала мамандарының ортақ іске қатысуы сенбіліктің тәрбиелік мәнін арттырды.
Petro Kazakhstan компаниясы – 300 қызметкер, 4 техника, 3 тонна қоқыс шығарды.
Кәсіпорындардың қолдауы экологиялық бастамалардың мемлекеттік құрылымдармен қатар жеке сектор тарапынан да маңызды екенін көрсетті.
Жалпы Еңбекші ауданы аумағында сенбілікке:
11 792 қызметкер қатысып,
66 техника іске қосылды,
барлығы 58 тонна қоқыс шығарылды.
Бұл – аудан тарихындағы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі болды.
Сенбілік барысында тек қоқыс жинау ғана емес, сонымен қатар:
Қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу;
Шөп ору;
Дәнекерлеу және сырлау жұмыстары;
Көшелер мен аулаішілік аймақтарды тазалау;
Жаяу жүргіншілер жолдарын, арық-атыздарды ретке келтіру;
Қоғамдық орындардағы шағын сәулеттік нысандарды жөндеу секілді кешенді шаралар атқарылды.
“Бүкіләлемдік тазалық күні” аясында өткізілген бұл сенбілік – Еңбекші ауданының ғана емес, тұтас Шымкент қаласының тұрғындары үшін маңызды іс-шара болды. Ол азаматтардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, ортақ іске жұмылдырып, әрбір тұрғынға табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жауапкершілігін сезіндірді.
Мұндай шаралардың жалғасы болашақта да ұйымдастырылып, жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне, тұрғындардың белсенділігіне және қаланың таза әрі жайлы болуына ықпал етері сөзсіз.