🏡 «Үлгілі аула» байқауы жарияланды

🏡 «Үлгілі аула» байқауы жарияланды

13.10.2025 19:44:54 109

Жаңаөзен қаласында көпқабатты тұрғын үйлер мен аулалардың тазалығы мен абаттандырылуын арттыру мақсатында «Үлгілі аула» конкурсы өтеді.

📌 Байқау келесі номинациялар бойынша ұйымдастырылады:

• «Үздік кондоминиум басқару органы»

• «Үлгілі үй»

• «Үздік аула күтуші»

🔎 Үміткерлердің жұмыстары тазалық, жасыл желектердің жағдайы, ойын және спорт алаңдарының сақталуы, жарықтандыру мен қасбеттердің күйі секілді бірқатар критерийлер бойынша бағаланады.

📅 Өтінімдер 2025 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

📍 Өтінім қабылдау мекенжайы:

Жаңаөзен қаласы, мемлекеттік мекемелер ғимараты, 3 қабат,

"Жаңаөзен қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ.

✉️ Электрондық пошта: zh.i18@mail.ru

Жеңімпаздар қала әкімінің «Алғыс хатымен» және сыйлықтарымен марапатталады.

✨ Таза әрі әдемі қала – әрбір тұрғынның ортақ еңбегі!

Құрметті жаңаөзендіктер, белсене қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1069999?lang=kk