Уәлиханов ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Уәлиханов ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

13.10.2025 20:37:02 169

 

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Уәлиханов ауданының «АМАНАТ» партиясы филиалы алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.

           Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.                            

          Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:

            - 2026 жылы лицензиялар бойынша қандай төлемдер қарастырылған;

- 100.00 СЕН талдау жүргізу тәртібі;

- қандай мобильді аударымдар бақылауға алынуы мүмкін;

          Спикерлер: Аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы  Белоусов А.О.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1071031?lang=kk