Әлеуметтік салық
14.10.2025 08:16:01 294
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік салықты есептеу тәртібі өзгерді.
Жаңа ережелер:
Әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысы алынып тасталды.
Бірыңғай мөлшерлеме – 6% (қазіргі 11%-дың орнына).
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін төмендетілген мөлшерлеме – 1,8%.
ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін:
Өзі үшін – 2 АЕК,
Әр қызметкер үшін – 1 АЕК.
Шаруа қожалықтары үшін:
Өзі үшін – 0,6 АЕК,
Әр қызметкер үшін – 0,3 АЕК.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1071660?lang=kk