Азамат қылмыстық істерді кассациялық қайта қарау мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгінді

Азамат қылмыстық істерді кассациялық қайта қарау мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгінді

14.10.2025 09:01:31 100

Телеграмм КС - t.me/consot_kz

Азамат кассациялық сотқа үкімдер мен қаулыларды өзгеріссіз қалдыруға және қайта қарау туралы өтініштерді қабылдамауға мүмкіндік беретін Қылмыстық-процестік кодекстің нормасын тексеру туралы өтінішпен Конституциялық Сотқа жүгінді. Өтініш берушінің пікірінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 494-бабы жетінші бөлігінің 1) тармақшасы оның сот арқылы қорғалу құқығын шектейді.

Конституциялық Сот кассациялық қайта қарау тәртібі заңмен белгіленетінін және ол заң шығарушының құзыретіне жататынын атап өтті. Конституциялық Сот тек нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексереді және нақты істердің мән-жайларын бағаламайды. Өтініш беруші өз құқығын пайдаланған және оның өтініші сот қарауына алынған. Нәтижесінде дауланып отырған норманың Конституцияға сәйкестігін тексеруге негіздер жоқ екені анықталып, өтінішті қабылдаудан бас тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1072308?lang=kk