Алматы облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

14.10.2025 09:56:54 96

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Ельнар Тулегенович Калназаров 2025 жылғы  27 тамызынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Ельнар Тулегенович 1987 жылы туылған, білімі жоғары, 2012 жылы Қытай Халық Республикасы Бейжің тілдер және мәдениет университетін «Тілдер және әдебиет» мамандығы, 2020 жылы М.В. Ломоносов атыңдағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Іскерлік басқару шебері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы "МАКИРА" ЖШС-нің бас директорының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары болып  бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Адам ресурстары департаментінің сарапшысы, талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің талдау және статистика басқармасының сарапшысы, Шет елдердегі мекемедегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің өкілі лауазымдарын атқарған.

2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті талдау және статистика басқармасының сарапшысы лауазымында қызмет етті.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1072969?lang=kk