Түркістандағы ет жәрмеңкесінде өнімнің келісі 2600 теңгеден сатылып жатыр

Түркістандағы ет жәрмеңкесінде өнімнің келісі 2600 теңгеден сатылып жатыр

14.10.2025 10:26:28 277

Түркістандағы «Қуаныш» базарында аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері жәрмеңке өтеді. Бұл жәрмеңкеде күніне 8-14 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылады. Бүгін өңірдегі жәрмеңкеде 1300 келі сиыр еті 2600 теңгеден қала тұрғындарына ұсынылды.

Түркістан қаласында сиыр еті 50-ден астам сауда нүктесінде әлеуметтік бағада сатылып жатыр. «Айналым схемасы» тетігі аясында сауда желілерімен келісімшарттар жасалып, сиыр етінің сүйекті күрек-кеуде бөлігінің келісі 2 070 теңге деңгейінде белгіленген бағада сатылуда. Сондай-ақ өңір нарығында келісі 3700-3800 теңге болатын коммерциялық бағадағы ет өнімдері де бар.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жалпы облыстың барлық аудардарында аптасына 16 жәрмеңке өткізіледі. Мұнда ет және өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарықтағы бағадан 15-20% төмен сатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1073542?lang=kk