МКБ "Ашық есік күндерін" өткізу арқылы жаппай-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
14.10.2025 10:46:09 111Салық төлеушілердің салық сауаттылығын арттыру шеңберінде 16.10.2025 жылы департаменттің барлық 14 аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілер үшін Ашық есік күндері өткізілді.
Ашық есік күнінде келесі мәселелер қаралды:
01.01.2026 жылдан бастап заңды күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі,
Салық заңнамасының өзекті мәселелері,
ҚҚС реформалау,
ЖТС прогрессивті ставкалары,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,
Мобильді цифрлық өнімдер және олардың мүмкіндіктері,
Жалпыға бірдей жариялау: ережелер мен тәртіп,
Кассалық аппараттарды қолдану,
Арнайы салық режимдері,
Жергілікті салықтар, жергілікті салықтар бойынша берешек және т. б.
Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары салық саласындағы алдағы өзгерістер туралы түсініктемелер береді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сұрақтарына жауаптар және т. б. беріледі.
Қалалар мен аудандардың тұрғындары пайдалы ақпарат пен практикалық ұсыныстар алады, бұл өз кезегінде салық сауаттылығын арттыруға және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1088272?lang=kk