Пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек стол өтті

Пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек стол өтті

14.10.2025 11:27:09 27

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай облысы Әділет департаменті, Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сондай-ақ Қостанай және Рудный қалаларының тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің қатысуымен пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек стол өтті.
Іс-шараның негізгі тақырыбы - 2025 жылдың 17 қыркүйегінен бастап күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулерді іске асыру мәселелері болды.
Ерекше назар Пәтер иелері тұтыну кооперативтерін және Пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеуге қатысты өзгерістерге аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1074491?lang=kk