Қонай шағынауданындағы құрылыс пен инфрақұрылым жұмыстары туралы
14.10.2025 12:03:23 91
Қала әкімі Қонай шағынауданына барып, құрылыс және абаттандыру барысымен танысты. Қазір 10 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, 124 жеке үй пайдалануға берілді. Жауапсыз мердігерлермен келісімшарттар бұзылып, жұмыстарды жергілікті компаниялар жалғастыруда.
№103 автобус бағытына қосымша көліктер шығарылып, алғашқы рейс уақыты 6:15-ке ауыстырылды. Өрт сөндіру депосының құрылысына жобалық құжаттама 15 қазанға дейін дайындалады.
Скверді абаттандыру басталды. Демалыс аймағы, балалар ойын алаңы, тренажерлар мен веложол салу жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1075197?lang=kk