«Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында «Білім берудегі цифрлық құзыреттіліктерді дамыту» облыстық семинар – практикумы
14.10.2025 12:13:15 179
2025 жылғы 25 Қыркүйек Шығыс Қазақстан өңірлік ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Білім берудегі цифрлық құзыреттіліктерді дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты – цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы ауыл мектептері педагогтерінің кәсіби өсуіне қолдау көрсету, озық тәжірибені тарату және әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.
Іс-шара Катонқарағай ауданының «Өрел орта мектебі» КММ базасында өтті және ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасының практикалық жүзеге асырылуының бөлігіне айналды.
Семинар барысында «Örken» орталығының әдіскері Г.М. Бошаева қатысушыларды «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасының мақсаттары, міндеттері мен жүзеге асыру кезеңдерімен таныстырды.
«Өрел орта мектебі» КММ директоры А.К. Джумагулова қатысушыларға «Ауылдық жерлердегі тірек мектептің әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асырудағы мекеменің практикалық тәжірибесін ұсынды және білім мазмұнын жаңарту, цифрлық шешімдерді енгізу және шағын жинақты мектептердің оқушылары мен педагогтері үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша кешенді тәсілдің маңыздығын атап өтті.
Шағын жинақты мектептермен өзара әрекеттесу аясында тірек мектебі келесі пәндер бойынша онлайн-сабақтар ұйымдастырды: математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі.
Оқушылардың биология бойынша ғылыми жобалары ұсынылды. Химия, физика, ағылшын тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қашықтықтан сабақ өткізді.
Семинар соңында қатысушылар ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бағыттарын талқылады. Ұйымдастырушылар мен мектеп ұжымына алғыс айтылып, ұсынымдар мен ұсыныстар берілді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының ауылдық және шағын жинақты мектептерінен 50-ден астам педагогтер мен басшылар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1075405?lang=kk