25.09.2025ж.Алакөл ауданындағы салық төлеушілерге арналған семинар: Салық кодексіндегі жаңалықтар
14.10.2025 12:13:25 145
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Алакөл ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындарына арнап көшпелі семинар ұйымдастырды. Іс-шарада 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер түсіндірілді.
Жиынға қатысқан жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен бухгалтерлер алдағы салықтық өзгерістер жөнінде толық мәлімет алып, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Семинар барысында салық есептілігін оңайлату, арнаулы салық режимдерін жетілдіру, ҚҚС реформасы, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қаралды.
Ашық пікір алмасу арқылы қатысушылар алдағы өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алып, өзекті мәселелерді талқылады.
Ақпараттық жұмыс шеңберінде келесі көшпелі семинар 29 қыркүйекте Кербұлақ ауданында өткізілмек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1075372?lang=kk