Абайлаңыз алаяқтар
14.10.2025 12:46:48 128
ҚР Әділет министрлігі құқыққа қарсы әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты ескертеді.
Алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстыра отырып, қызметкерлерден жеке деректерді, телефон нөмірлерін, SMS кодтарын сұрайды.
Құқыққа қарсы әрекеттерден сақтану үшін Әділет министрлігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, сондай-ақ жеке деректерді үшінші тұлғаларға немесе күмәнді интернет-ресурстарға бермеуді ұсынады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1075772?lang=kk