Көкшетауда Қазақстан Конституциясының жетістіктері мен келешегі талқыланды

Көкшетауда Қазақстан Конституциясының жетістіктері мен келешегі талқыланды

14.10.2025 13:04:54 197

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығы: жетістіктері мен перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция қатысушыларына онлайн-форматта Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова сөз сөйлеп, қоғамдық келісімді сақтау және еліміздің тұрақты дамуы үшін Конституцияның іргелі рөлін, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын құқықтық ресімдеудегі 2022 жылғы конституциялық реформаның рөлін, сондай-ақ мемлекеттің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін осы реформаның «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасымен байланысын белгіледі.

Спикер Қазақстан Республикасы Президентінің Парламентті реформалау және жасанды интеллектті қолдана отырып цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жаңа бастамаларын белгіледі. Жасанды интеллектті сот төрелігі саласында енгізуге қатысты Азимова: «шешімдер адам жауапкершілігінің аясында қалуы, олардың заңдылығы сақталуы және Конституцияның рухы мен әрпіне сай болуы маңызды», - деп атап өтті.

Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев конференция қатысушыларына Конституциялық Соттың қызметі туралы, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың кейбір нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қабылданған қорытынды шешімдер және оларды мемлекеттік органдардың орындауы туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушылардың сұрақтарына байланысты конституциялық бақылау органы жұмысының ерекшелігі туралы Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді бастапқы қарау бөлімінің басшысы Салтанат Нұрымбетова түсініктеме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1076174?lang=kk