«Айбалта-2025»: тыл қызметі далалық жағдайда әскерді толық қамтамасыз етті

«Айбалта-2025»: тыл қызметі далалық жағдайда әскерді толық қамтамасыз етті

14.10.2025 14:06:23 116

Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аясында материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің дайындығы тексерілді.

Тыл қызметтері үйлесімді әрекет етіп, уақтылы далалық тамақтандыру пункттерін, медициналық бекеттер мен лагерьлерді орналастырып, әскерді сумен, азық-түлікпен, мүлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді жолға қойды. Әскери техниканың дайын күйде болуын қамтамасыз ету үшін жөндеу-қалпына келтіру бөлімшелері жұмыс істеді.

Логистика мәселелеріне және қызметтер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығудың нәтижелері материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері кез келген жағдайда жедел әрі тиімді әрекет етуге қабілетті екенін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1077308?lang=kk