Аудан әкімінің құттықтауы!

Аудан әкімінің құттықтауы!

14.10.2025 14:07:17 91

Құрметті жерлестер, ардақты еңбек адамдары!
Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – адал еңбектің, маңдай тердің, қажырлы қайраттың бағаланатын күні. Еңбектің арқасында еліміз дамып, ауданымыз көркейіп келеді. Әрбіріңіз өз салаларыңызда табандылықпен еңбек етіп, туған жеріміздің өркендеуіне үлес қосып келесіздер.
Еңбек – адамның ең асыл қасиетін айқындайтын өлшем. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің адал еңбектеріңіз, елге деген сүйіспеншіліктеріңіз – жастарға өнеге, келер ұрпаққа мұра.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Еңбектеріңіз жана берсін, мерейлеріңіз үстем болсын!
Құрметпен,
Берік Сәрменбаев
Сырдария ауданының әкімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1077115?lang=kk