БОМКА бағдарламасы аясында мобильді кедендік топтарға жабдықтарды тапсыру

БОМКА бағдарламасы аясында мобильді кедендік топтарға жабдықтарды тапсыру

14.10.2025 14:27:03 110

       Астанада Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және БОМКА бағдарламасының кездесуі өтті. Іс-шара барысында мобильді кедендік топтарға заманауи жабдықтарды тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.

       МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов көрсетілген қолдау қазақстандық кеден қызметінің әлеуетін нығайтып, шекарадағы тиімділікті арттыруға және заңсыз тауар айналымына қарсы күреске ықпал ететінін атап өтті.

       Тараптар кедендік процестерді цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу және үздік халықаралық тәжірибелерді қолдану саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1077499?lang=kk