Бүгін әкімдіктің өзекті мәселелері бойынша отырысы өтті
14.10.2025 14:47:03 41
Бүгін қала әкімі Б.Т. Абдралиевтің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Күн тәртібіне «Автомобиль жолдары мен көшелерді қысқы күтуге дайындау барысы туралы», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй үшін жалдау ақысын өндіріп алу жұмыстарының барысы және дебиторлық берешек туралы», «Курчатов қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысы туралы», «Қалалық аурухана ғимаратының 4-қабатын күрделі жөндеу және босану бөлімшесін ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуларды жүргізуін мониторингілеу барысы туралы», «Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселелер енгізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1077889?lang=kk