Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер" тақырыбы бойынша баспасөз конференциясы.
14.10.2025 15:32:51 167
2025 жылғы 1 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер" тақырыбы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық есептілігін қысқарту, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.
БАҚ өкілдерін қызықтырған негізгі сұрақтар:
- Жаңа арнаулы салық режимдеріне көшу тәртібі;
- Жеңілдетілген декларацияда АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін қабылдау;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге салық салу;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңілдікке жататын көлік құралдары бойынша статистика және басқа да сұрақтар.
Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1078601?lang=kk