ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Сингапур Республикасымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
14.10.2025 16:28:00 185
2025 жылғы 26 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Сингапур Республикасының Көлік оқиғалары бойынша бюросы арасында Көлік оқиғалары мен инциденттерін тергеу мәселелеріндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза мен Сингапур Республикасы Көлік министрлігі Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік департаментінің аға директоры Бернард Лим мырза қол қойды.
Меморандум әуе, теміржол мен теңіз көліктеріндегі оқиғалары мен инциденттерін тергеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты, тәжірибе және ақпарат алмасуды, сондай-ақ персоналды даярлауды қарастырады.
Қол қою рәсімі барысында Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасының делегация басшылары – ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және СР Көлік жөніндегі тұрақты хатшысы Лау Пит Менг мырза кездесіп, азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
ҚР-ның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1078976?lang=kk