Мамлүт ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
14.10.2025 17:05:13 102
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Мамлүт ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.
Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:
- ШФҚ арнайы салық режиміне көшу тәртібі;
- такси жүргізушілері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимінде жұмыс істей ала ма;
- 2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қандай мәртебеге ие болады;
- қандай мобильді аударымдар бақылауға алынуы мүмкін;
- мәслихаттардың салық салудың оңайлатылған режимі бойынша мөлшерлемсін төмендету мәселелері;
- АСР қолданатын салық төлеушілермен өзара есеп айырысу бойынша шегерілімдерді КТС қолдануға бола ма;
Спикерлер: Аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы Белоусов А.О.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1079691?lang=kk