Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы №28 мекемесінің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.
14.10.2025 17:05:51 109
Кеңес барысында қызметтік тәртіп, қызметкерлердің міндеттерін орындау мәселелері және мекемеде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту шаралары талқыланды. Басшылық әрбір қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауының маңыздылығын атап өтіп, қызметтік әдеп пен кәсіби стандарттарды қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге жұмыс басымдықтары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1079591?lang=kk