САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату туралы
14.10.2025 17:37:34 210Құрметті салық төлеуші!
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының 13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік бажды төлеуден азаматтардың келесі санаттары босатылады:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
- Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар:
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін;
- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
- Мүгедектігі бар адамдар;
- Бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі
Азаматтардың осы санаттары соттарға берілетін құжаттар мен барлық істер бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.
Білу маңызды:
Егер Сіз мемлекеттік бажды төлеген болсаңыз, бірақ босатылу құқығына ие болсаңыз, онда ол соманы қайтара аласыз.
Қайтару мерзімі - сомасы төленген күннен бастап 3 жыл (Салық кодексінің 108-бабының 6 –тармағы негізінде).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1080232?lang=kk