Қазақстан мен БАӘ әскери ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
14.10.2025 17:56:47 337
Абу Даби, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Қорғаныс министрінің қорғаныс саясаты және байланыс жөніндегі орынбасары Али Абдулла Мұхаммед
әл-Ахмадпен кездесу өткізді.
Сұхбаттасу барысында БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак әл-Мазруидің Қазақстанға жақында жасаған сапарының нәтижелі болғанына назар аударылды.
Қазақстан дипломаты аталған сапардың екі ел арасындағы қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.
Сонымен қатар тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсауға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1080461?lang=kk