Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар
14.10.2025 18:06:46 34
2025 жылдың 2 қазанында Улан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі «Дарын» мәдениет үйінің алаңында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысып, негізгі өзгерістерді, соның ішінде:
* жаңа Салық кодексінің жалпы ережелерін;
* жеке табыс салығы: мөлшерлемелері мен шегерімдерін;
* әлеуметтік салықты;
* корпоративтік табыс салығын және аванстық төлемдерді төлеу тәртібін;
* жер қойнауын пайдалануға салық салуды;
* ҚҚС бойынша өзгерістерді: мөлшерлемелерді, есепке қоюды, артық соманы қайтару тәртібін;
* арнаулы салық режимдері, камералдық бақылау бойынша өзгерістерді;
* борышты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ салық төлеу бойынша кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Қатысушылар жаңа Салық кодексінің салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға, сондай-ақ адал бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1080576?lang=kk