«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері
14.10.2025 18:16:30 35
Мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Өскемен қаласының білім бөліміндегі «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибатаева Индира Айтахметовнаға «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін табыстады.
Индира Айтахметовна – педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі. Ол облыстық «Үздік педагог – 2025» байқауында жеңімпаз атанып, енді өңіріміздің намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.
Облыстық білім басқармасының басшысы құттықтау сөзінде:
«Ұстаз еңбегінің бағалануы – ұрпақтың болашағына қосылған үлестің мойындалуы. Индира Айтахметовнаның жетістігі – барша ұстаздарға үлгі. Алдағы республикалық додада табыс тілейміз», – деп атап өтті.
Шығыс Қазақстан облысының білім саласы атынан үздік ұстазымызға зор шығармашылық табыс, жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1080949?lang=kk