Қаратау ауданындағы инфрақұрылымдық нысандарды аралау

Қаратау ауданындағы инфрақұрылымдық нысандарды аралау

14.10.2025 18:57:17 27

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берік Серікұлы Беркімбаевтың қатысуымен, басқарма басшысы Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлының жетекшілігімен және ауыз су және су бұру бөлімінің басшысы Асқар Ашировтың қатысуымен Қаратау ауданындағы инфрақұрылымдық нысандарға жұмыс сапары ұйымдастырылды. Аралау барысында жол, су және кәріз жүйелерінің қазіргі жағдайы мен жүргізіліп жатқан қайта құру және жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы ауыз су және су бұру желілерін жаңарту мәселелері талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1081709?lang=kk