«Барлығына назар аударыңыз!» сигналы

«Барлығына назар аударыңыз!» сигналы

14.10.2025 19:27:38 33

ТЖ немесе оған қауіп төнген кезде көшелерде азаматтардың назарын маңызды ақпаратқа аудару үшін сиреналар мен сигналдар қосылады.

Қазан айының бірінші онкүндігінде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Барлығына назар аударыңыз!» сигналы тақырыбында сұхбат форматында қазақ тілінде интерактивті сабақ өткізді. Кездесу спикері ретінде ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник Тұрсынғалиев Ерік Еркінбекұлы сөз сөйлеп, осы тақырып бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді: «Барлығына назар аударыңыз!», осы сигналды алған кезде қандай әрекеттер жасау керек, кім қосуға бұйрық береді, осы сигналды тыңдау үшін қандай байланыс құралдарын пайдалануға болады. Сондай-ақ, спикер балаларды БКДҚ бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің жұмысымен таныстырды, және  қандай жағдайда сол жерге қоңырау шалу керек. Сұрақтардың келесі блогы қазіргі заманғы хабарлау құралдарына және Қазақстанда қанша ескерту сигналы бар екеніне қатысты болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1082836?lang=kk