Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті

Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті

14.10.2025 19:48:49 98

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен актив отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекеме басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан әкімінің өкімімен Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Молдабаев Диас Асылбекұлын аудан активіне таныстырды.

-Диас Асылбекұлы мемлекеттік қызметте әр түрлі жауапкершілік деңгейіндегі қызметтерді атқарып, мол тәжірибе жинаған білікті кадр. Жалпы, осы кезге дейін өзін іскер басшы және білікті қызметкер екенін дәлелдеп келді. Осы атқарған еңбек жолы, жұмыс тәжірибесі ескеріліп, аудан әкімі орынбасары қызметіне тағайындалды,-деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Жәнібеков Берік Съездұлын және аудандық статистика бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Мүсілімов Дәуіржан Сабиханұлын таныстырды.

Аудан басшысы жаңа лауазым иелеріне сәттілік тілеп, аудан дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1082535?lang=kk