"Цифрлық инклюзия" бағдарламасы аясында оқу кабинеті көмекші технологиялармен жабдықталды

"Цифрлық инклюзия" бағдарламасы аясында оқу кабинеті көмекші технологиялармен жабдықталды

14.10.2025 20:39:01 13

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен БҰҰ Балалар қорының (Юнисеф)  Қазақстан Республикасындағы өкілдігі арасындағы 2025 жылғы 18 сәуірдегі ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында функционалдық цифрлық сауаттылықты дамыту аясында  «Цифрлық инклюзия» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жобаға Шығыс Қазақстан облысынан №19 қосымша білім беру мектеп-орталығы қатысты.                              

Жоба аясында ЕББҚ бар  мектеп жасындағы балалар цифрлық сауаттылық бағдарламаларымен қамтылды, олардың 8-і көру қабілеті зақымдалған балалар. 

Ағымдағы жылдың қазан айының 7-сі күні №19 қосымша білім беру мектеп-орталығында осы балаларға арналған оқу кабинеті ашылды. Осы кабинетте оқушылар  оқу уақытында ноутбук пен телефон экранында қол жеткізу бағдарламалары орнатылған – «Көрмейтін және нашар көретіндерге арналған бағдарламалар» және басқа да қажетті бағдарламалармен қамтамасыз етілді. Жасөспірімдер зерттейтін бағдарламалар мен құрылғылардың ішінде: ноутбук пен жүйелік блоктың компоненттері, «он саусақпен теру әдісі»және «көзсіз теру» әдісі; Windows, Microsoft Word; Google Chrome браузері, Zoom конференциялары, пошта жәшігін құру және онымен жұмыс істеу; WhatsApp, YouTube, Zoom конференциясы, Kaspi Bank қосымшасы, InDriver, ЯндексТакси, кітапхана «av3715» және т. б.

Бұл жоба көру қабілеті зақымдалған балаларға оқуға және қосымша білім алуға, жұмысқа орналасу мүмкіндігінде тәуелсіз және дербес болуға және т. б. үшін әлдеқайда жақсы дайындала алатынын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1082930?lang=kk