Медальдар тағы да біздің батутистерде!
14.10.2025 20:42:31 153
Әзірбайжанның ежелгі де сонымен бірге қазіргі қаласы-Гянджа – посткеңестік кеңістіктегі ең беделді спорттық іс-шаралардың бірі-ТМД елдерінің III ойындарының (29 қыркүйек-4 қазан) өтетін орнына айналды. Турнирге Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан 1840 спортшы қатысты. Ашылу салтанаты өте әдемі де жарқын болды, халықаралық біріншілікті Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева ашты.
Жарыс тек Гянджада ғана емес, елдің басқа аймақтарында да өтті. Шекиде жеті елден 43 батутист медаль үшін күресті. Әлбетте, құрама құрамында қарағандылықтар өнер көрсетіп, медаль жеңіп алды!
- Жарыс өте қиын болды, себебі оларға ең мықты спортшылар қатысты, мысалы, Беларусьтік Олимпиада чемпионы Иван Литвинович қатысты, - деді Қазақстан құрамасының бас тәлімгері және батут гимнастикасынан Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Сергей Вертянкин. – Дегенмен де біздің командадағы ең жасымыз Никита Тумаков керемет нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды, бұған қоса алдын ала кезеңде ол үздік болды.
Бұл Никитаның жеке секіруден халықаралық деңгейдегі алғашқы марапаты. Осының алдында қарағандылық дуэт Мұсабаев-Тумаков әлем кубогының «күмісін» алғанын хабарлаған болатынбыз.
Жарыста Қарағанды гимнастика мектебінің тағы бір тәрбиеленушісі, ал қазір жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі – Ерлан Тасмағамбетов ерекше көзге түсті. Келешегінен үміт күттіретін бұл талантты жігіт синхронды секіруден үшінші орынға ие болды. Жарайсыңдар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1082650?lang=kk