Мұндай нәтиже алғаш рет!

Мұндай нәтиже алғаш рет!

14.10.2025 20:42:44 103

Бүгін біз Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарын қорытындылайтын боламыз. Төрт жылда бір рет өтетін біріншілік сәуір айында Түркістанда басталды. Барлық облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана құрамалары олимпиадалық  34 спорт түрінен жеңіске жету үшін күресті. Жарысқа 2000-нан астам спортшы қатысты. Жастар ойындары Қарағандыда өз мәресіне жетті! Бұл ауқымды әрі маңызды оқиға, еліміздің ең перспективалы жас спортшылары қатысуға ұмтылатын жарыс. Олардың ішіндегі ең үздіктері Қазақстанның намысын әлемдік ареналарда қорғайтын болады.

Қарағанды облысы құрамасының қоржынында әр түрлі дәрежедегі 159 (56 - алтын, 42 - күміс, 61- қола) медаль  бола тұра,  Қазақстанның барлық қалалары мен облыстары арасында төртінші орынға ие болып, Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан жеңіліп қалды. Біздің спортшыларымыз командалық есепте дзюдо, батут гимнастикасы, үстел теннисі және жеңіл атлетика сияқты түрлерде үздік атанды. Гандболдан ерлер командасы, аймақтың өкілдері ескек есуден, е байдарка және каноеден екінші орынға ие болды. Гандболдан әйелдер командасы үшінші орынды иеленді. Қазақстанның жастар ойындарында Қарағанды облысы алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жастар ойындарының жабылу және марапаттау рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев және облыстық мәслихат депутаты Ерден Халилин қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1082639?lang=kk