«Үздік жыл әдіскері-2025» облыстық байқауы өтті

«Үздік жыл әдіскері-2025» облыстық байқауы өтті

15.10.2025 08:27:43 73

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен әдіскерлердің жан-жақты біліктілігін, кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік жыл әдіскері - 2025» облыстық  байқауы өтті.     

Байқау 3 кезеңнен тұрды.

1 кезең: «Мен әдіскермін» 1-3 минуттық өз қалауымен еркін форматта өздерін таныстыру, «Мамандық шеберлігі: үздік жоба» ол жүзеге асыратын шығармашылық инновациялық немесе эксперименттік авторлық жобасымен таныстыру

2 кезең: «Тестілеу кезеңі» мамандық бойынша кәсіби 20 тест сұрақтарына жауап беру

3 кезең: «Әдіскерлердің ақыл-ой алаңы» мамандық бойынша  кәсіби 5 сұраққа жауап беру

Байқауға аудан, қала, ауыл  кітапханаларынан 7 кітапханашы бақ сынасты. І ші дәрежелі дипломмен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Жанар, ІІ дәрежелі дипломмен Алакөл ауданы Тохтасунова Феруза, ІІІ дәрежелі дипломмен Ескелді ауданы Смагулова Ақнұр марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1084176?lang=kk