ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Венеция комиссиясының 144-ші пленарлық отырысына қатысты

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Венеция комиссиясының 144-ші пленарлық отырысына қатысты

15.10.2025 08:27:57 32

2025 жылдың 9-10 қазанында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Венеция комиссиясының 144-ші пленарлық отырысына еліміздің өкілі ретінде қатысты. Венеция комиссиясының пленарлық отырысына ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова да қатысты.

144-ші пленарлық отырыс кеңесінің күн тәртібіне Венгрия, Словакия, Испания, Армения, Грузия, Солтүстік Македония және Украина сияқты бірқатар елдердің заң жобалары мен құқықтық мәселелері бойынша тұжырымдамаларды талқылау енді.

Сондай-ақ, Албания мен Молдова Республикасына қатысты алдыңғы отырыстарда қаралған құқықтық мәселелер бойынша тұжырымдамалар қарастырылды.

Венеция комиссиясының 144-ші пленарлық отырысына қатысу барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Кореяның Конституциялық сотының судьясы Ким Хён Думен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев елде жүргізіп жатқан цифрландыру және әділет органдарының ақпараттық жүйелеріне жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы хабарлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1084126?lang=kk