ЖАН ЖЫЛУЫМЕН ЖАСАЛҒАН СЫЙ: ШҚО ТҮЗЕТУ КОЛОНИЯСЫНЫҢ СОТТАЛҒАНДАРЫ ҚАРИЯЛАР КҮНІНДЕ АТА-ӘЖЕЛЕРДІ ТАҢҚАЛДЫРДЫ
15.10.2025 09:23:18 19
ЖАН ЖЫЛУЫМЕН ЖАСАЛҒАН СЫЙ: ШҚО ТҮЗЕТУ КОЛОНИЯСЫНЫҢ СОТТАЛҒАНДАРЫ ҚАРИЯЛАР КҮНІНДЕ АТА-ӘЖЕЛЕРДІ ТАҢҚАЛДЫРДЫ
Шығыс Қазақстан облысында пенитенциарлық жүйе мекемелеріне деген көзқарасты жаңартқан ерекше оқиға болды.
Жыл сайын 1 қазан күні аталып өтетін Қариялар күні қарсаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №18 мекемесінің (қауіпсіздігі жоғары колония) қызметкерлері мен сотталғандары шынымен де қажетті әрі жүрекке жылы тиетін сыйлық жасауға бел буды. Бұл жолғы қайырымды бастаманың орны Өскемен қаласының Солнечный кентіндегі қарттар, зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы болды.
Колония әкімшілігі жергілікті жеке кәсіпкерлердің қолдауымен дәстүрлі дастархан мен концерттердің орнына қариялардың жайлы өміріне өте қажет нәрселерді Шемонаиха ауданынан әзірлеп, жеткізді: аумақты таза ұстауға арналған қоқыс жәшіктері (урналар), таза ауада демалу үшін жаңа, берік орындықтар (лавочкалар) және ерекше қуаныш тудырған – тақаяқтар (тросточкалар), олар ерекше қамқорлықпен және егжей-тегжейге көңіл бөлумен жасалған.
Дәл осы тақаяқтар нағыз «бағдарламаның гвозді» болды. Сотталғандар шеберлік пен адамгершілікті көрсетіп, сериялық өнімнен гөрі жеке тапсырысқа ұқсайтын бұйымдар жасады.
«Ата-әжелерге тақаяқтар ерекше ұнады, – деді ҚР ІІМ ҚАЖК №18 мекемесінің қызметкері Лаура Алдажұманова. – Олар ағаштан ыңғайлы, эргономикалық тұтқамен ойластырылып жасалған. Ең бастысы – біз қауіпсіздікті ойладық: таюды болдырмау үшін негізі резеңкеленген. Олар өте жеңіл әрі ыңғайлы болып шықты».
Бұл акция – ҚАЖ мекемелерінің түзеумен ғана айналысып қоймай, аймақтың әлеуметтік өміріне де үлес қосатынының жарқын мысалы. Сыйлықтарды жасауға атсалысқан сотталғандар өздерін пайдалы әрі игі істің бір бөлігі ретінде сезінді, ал қариялар жай ғана мүлік емес, жан жылуымен және құрметпен жасалған заттарды алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1085091?lang=kk