Сауд Арабиясы азаматтық авиация билігі басшылығымен кездесу өтті

Сауд Арабиясы азаматтық авиация билігі басшылығымен кездесу өтті

15.10.2025 09:57:49 20

2025 жылғы 26 қыркүйек, Монреаль. ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Сауд Арабиясы Азаматтық авиация бас басқармасының әуе көлігі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы вице-президенті Әли Мұхаммед Раджаб мырзамен кездесті.

Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, соның ішінде ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, тұрақты рейстер санын арттыру, кадрлар даярлау және басқа да мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін екі ел арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қою мен рейстер санын арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, Раджаб мырза қазақстандық тарапты 2026 жылғы сәуір айында Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтетін Авиацияның болашағы форумына қатысуға шақырды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1085659?lang=kk