Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар үшін ақпарат
15.10.2025 10:09:45 165
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін (ЖҚТ) жүзеге асыратын тұлғалар міндетті түрде салық төлеуші ретінде тіркелуге тиіс екендігін хабарлайды.
Жекелеген қызмет түрлері тізбесіне мыналар кіреді:
- бензин, дизель отыны, газохол және басқа да мұнай өнімдерін өндіру;
- осы өнімдерді көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
- этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру;
- алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
- темекі бұйымдарын өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;
- ойын бизнесі;
- акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау);
- тауарлармен электрондық сауда жасау.
Салық органы тіркеуді үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:
- хабарламаны тапсырған күннен бастап;
- немесе elicense.kz жүйесінен мәліметтер алынған күннен бастап.
Хабарламалар электрондық немесе қағаз түрінде жіберіледі (ҚР ҰЭМ бұйрығы №4, 06.01.2015 ж.).
2025 жылғы сәуірден бастап СӘИЖ және elicense.kz жүйелері интеграцияланған, бұл деректер алмасуды автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Интеграцияда мекенжай тіркелімі коды (МТК) пайдаланылады.
Егер нысан бойынша МТК жоқ болса, оны:
- сәулет және қала құрылысы бөлімінен алуға;
- немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеуге болады.
Сонымен қатар, мекенжайды нақтылау немесе жаңа код беру қызметі де қолжетімді:
https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1085813?lang=kk