«Ұстазға алғыс»
15.10.2025 10:13:48 282
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған «Ұстазға алғыс» апталығы аясында Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков ауданымыздың ардагер ұстаздарын кәсіби мерекелері – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтады.
Ардагер ұстаздарымыз – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ауданымыздың білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан құрметті жандар.
«Ұстаз – ұлы тұлға, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын есім» дегендей, Сіздердің ерен еңбектеріңіз әрқашан ел жадында.
Барша ұстаздарға мықты денсаулық, отбасы амандығы, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1085769?lang=kk