Қырғызстан мен Өзбекстан авиациялық билігінің басшыларымен кездесу өтті

Қырғызстан мен Өзбекстан авиациялық билігінің басшыларымен кездесу өтті

15.10.2025 10:28:59 339

2025 жылғы 30 қыркүйек, Монреаль. ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының штаб-пәтерінде орналасқан Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінде Қазақстан делегациясының басшысы, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров мырзамен және Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің директоры Данияр Бостонов мырзамен кездесті.

Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар халықаралық азаматтық авиацияның негізгі бағыттары бойынша ұстанымдарын үйлестірді.

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның бауырластық пен тату көршілік қарым-қатынастары, сондай-ақ авиация саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ортақ түсіністік пен келісілген ұстанымдар атап өтілді.

Келіссөздердің жеке тақырыбы ретінде 2024 жылғы қараша айында құрылған Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы (EACAC) аясындағы ынтымақтастықты жолға қою мәселесі қаралды. Аталған құрылымның мүшелері – Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан. Моңғолия бақылаушы мәртебесіне ие.

EACAC Бас хатшысы – Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мырза, ал EACAC Президенті – Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров мырза болып табылады.

 

 

 

Генеральным секретарём EACAC является Вице-министр транспорта Республики Казахстан г-н Талгат Ластаев, а Президентом EACAC – Директор Агентства гражданской авиации при Министерстве транспорта Республики Узбекистан г-н Тахир Назаров.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1086091?lang=kk