ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Maqsut Narikbayev University-де дәріс өткізді

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Maqsut Narikbayev University-де дәріс өткізді

15.10.2025 10:43:02 102

«Цифрландыру дәуіріндегі Әділет министрлігі» тақырыбындағы кездесу болашақ заңгерлер арасында үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды.

Дәріс барысында вице-министр Әділет министрлігінің негізгі жұмыс бағыттары туралы айтып, ведомствоның бизнес-процестеріне жасанды интеллектті енгізу және цифрлық трансформацияға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, технологиялар қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда зияткерлік меншік мәселелеріне баса мән берілді. Ботагөз Жақселекова студенттерге авторлық құқықтарды басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, авторларға әділ сыйақы төлеуге мүмкіндік беретін жаңа QazCopyright цифрлық платформасын таныстырды.

Алайда бұл кездесудің ең құнды нәтижесі – берілген ақпараттан бұрын шабыт болды. Көптеген студенттер дәрістен кейін әділет жүйесіне мүлде жаңа көзқараспен қарап, оны жай ғана мемлекеттік қызмет емес, нақты өзгерістерге ықпал етуге, заң шығару процесіне араласуға және болашақтың құқықтық мемлекетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін сала ретінде қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1086503?lang=kk