Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы

Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы

15.10.2025 17:12:10 32
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы №45 «Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін танысу үшін орналастырады.
Аталған өзгерістер Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 018/2011 техникалық регламентінде бірліктегі көлік құралының анықтамасын толықтыруға қатысты.
2025 жылғы 23 мамырдағы №45 шешім 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді.
Хабарлаймыз, жеке пайдалануға арналған авто және мотокөлік құралдары мен тіркемелер тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №74 шешімімен айқындалған.
Қосымша: 4 беттен тұрады.
Кедендік бақылау басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1087046?lang=kk