Қазақстан Еуропа Кеңесінің жастар істері жөніндегі министрлердің 10-конференциясына қатысты

Қазақстан Еуропа Кеңесінің жастар істері жөніндегі министрлердің 10-конференциясына қатысты

15.10.2025 19:02:58 39

Валетта (Мальта), 2025 жылғы 8-9 қазан – Еуропа Кеңесінің жастар істері жөніндегі министрлердің 10-конференциясы өтті. Конференция «Демократия үшін жастар: жастар көзқарасы» тақырыбында өтті. Оған Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің министрлері мен ресми өкілдері, сондай-ақ халықаралық жастар ұйымдары мен Еуропа Кеңесінің құрылымдарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасын аталған іс-шарада ҚР Страсбург қаласындағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы және Еуропа Кеңесінің Жастар істері жөніндегі Еуропалық Басқару комитеті (ЕРКДМ) Бюросының мүшесі Валихан Бахретдинов ұсынды. Пленарлық отырыс барысында А.Бақытбекқызы сөз сөйлеп, Қазақстанның жастар саясаты саласындағы басым бағыттарын таныстырды және 2023-2029 жылдарға арналған Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының іске асырылуы туралы айтты. Ол Қазақстанның жастардың шешім қабылдау процесіне белсенді қатысу қағидатын дәйекті түрде ілгерілетіп, демократия, инклюзия және орнықты даму құндылықтарына негізделген халықаралық серіктестік қатынастар орнатып отырғанын атап өтті.

Конференция барысында қазақстандық делегация жастар өлшемін мемлекеттік саясат қалыптастыру процестеріне енгізу, жастардың жергілікті және өңірлік деңгейдегі өмірге қатысуының Еуропалық хартиясын жаңарту, сондай-ақ жастар мобильділігі мен азаматтық белсенділікті дамыту мәселелерін талқылауға қатысты. Сонымен қатар, қазақстандық тарап Еуропалық жастар карталары қауымдастығының (EYCA) қызметіне арналған іс-шараларға қатысты.

Қазақстанның бұл конференцияға қатысуы Еуропа Кеңесімен және оның жастар құрылымдарымен диалогты нығайтуға, сондай-ақ елдің инклюзивті, ашық және болашаққа бағытталған жастар саясатын дамытуға бейілділігін тағы бір рет дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1087212?lang=kk